Жетісу облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жалпы құны 41,9 миллиард теңге болатын 29 әлеуметтік және коммуналдық нысан бой көтеруде.
Атап айтқанда, 21 денсаулық сақтау, 4 сумен жабдықтау және 4 білім беру нысаны салынып, қайта жаңғыртылуда. Бүгінгі таңда олардың 23-і пайдалануға берілсе, қалған 6 нысанда құрылыс қарқынды жүруде. Солардың бірі – Рудничный кентінде ашылған су жаңа мектеп. Бұл заманауи білім ордасы өткен ғасырдың ортасында салынған ескі ғимараттың орнын алмастырды. Айта кетсек, бұл игі бастаманың іргетасына 2025 жылы Бас прокурор Берік Асылов пен өңір басшысы Бейбіт Исабаев арнайы капсула салып, құрылыс жұмыстарына ресми түрде жол ашқан болатын.
Үсен Астана