Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Сапасыз бензин сатылған

Еліміздегі жанармай бекеттерінде сапасыз бензин сатылған.

Биыл мамандар аяқ астынан 55 рет тексеріс жүргізген. Нәтижесінде зертханаға өткізілген 22 үлгінің үшеуі талапқа сай болмай шықты. Мәселен, Қызылорда облысында АИ-95 бензиніндегі октан саны 92-ден аспаған. Ал Алматы мен Жетісу облыстарында АИ-100 жанармайының құрамындағы күкірт мөлшері шамадан тыс көп болған. Осыдан кейін құны 5,5 миллион теңгеден асатын сапасыз өнімді сатуға тыйым салынып, бекет иелері жауапқа тартылды. Мамандардың айтуынша, бұл рейдтерге жүргізушілердің жаппай шағымдануы себеп болған.

Қайыркен Отыншы

← Все новости