Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Теміржол желілері түйісті

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында тарихи сәт.

Өңірде Мойынты – Қызылжар теміржол желілерін түйістіру жұмыстары аяқталды. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарылып жатқан жоба. Ұзындығы 323 шақырымдық шойын жол Ұлытау мен Қарағанды облыстарының аумағын басып өтеді. Желі толық іске қосылғаннан кейін ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының, яғни Орта дәліздің маңызды бөлігіне айналмақ.

МАДИЯР САТТЫБАЕВ, INTEGRA КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің логистиканы дамыту мақсатында Қызылжар – Мойынты жолы 130 шақырымға қысқаратын болады. Тәулігіне 30-40 вагон жүретін болады. Соның бүгін екі желісінің түйісуін рәсімдеп отырмыз. Онда 2 039 жұмысшы жұмыс істеген.

Жобаның тағы бір артықшылығы – жүк тасымалдайтын жол 149 шақырымға қысқарады. Транзиттік пойыздарды өткізу мүмкіндігі де артады. Жаңа теміржол желісін осы жылы пайдалануға беру жоспарланған.

ҚАЗЫБЕК ТҰРЖАНОВ, INTEGRA КОМПАНИЯСЫНЫҢ «ОҢТҮСТІК ДИРЕКЦИЯ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бұдан кейін де алдымызда көп жұмыс күтіп тұр. Ол – теміржол табанын көтеру. Бірінші, екінші, үшінші қабатқа, сосын жобалық белгіге дейін шығарып, қиыршық тас төсеу, станцияларды үлкейту, бағыттама бұрмаларын орналастыру сияқты үлкен жұмыстар күтіп тұр.

Бердібек Қарынбай

← Все новости