Қазақстан халық партиясы Құрылтайдың сыртында жүріп-ақ, заң жобаларын жасауға атсалысамыз деп отыр.
Саяси ұйымның мүшелері мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасына ұсыныстар дайындапты. Соны байыту үшін осындай перзенттерді бағып-қағып, тәрбиелеп отырған ата-аналарды шақыртып, қоғамдық ұйымдардың мүшелерін де сөзге тартты. Олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сөйтіп, бір палаталы Парламенттің жұмыс тобына кіріп, сапалы заң қабылдауға үлес қоссақ дейді.
ИСЛАМ СҰҢҚАР, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Президент Жолдауда ерекше балаларға көп көңіл бөлу керек деп айтты. Сондықтан біз бұл мәселеге мән беріп отырмыз. Бұған дейін бұл заң жобасы қаралған, бірақ соңына жетпеді. Енді қарайды. Сондықтан біз жұмыс тобына кіріп, өз ұсыныстарымызды бермекпіз.
Ақбөпе Тәңірберген