Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 19 просмотров

Елімізге 1 жылда 11 млн турист келген

Елімізде туризмді дамытуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет курорттық аймақтарды жаңғыртуға, инвестиция тартуға басымдық беруде. Осы салаға шетелдік капиталды тарту жұмысы да жүйелі іске асырылуда. Статистикаға сүйенсек, 2024-те бұл көрсеткіш 947 млрд теңгеге жетсе, өткен жылы 1 трлн теңгеден асқан. Бүгінде елімізде 328 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде алдағы уақытта 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 25 жаңа қонақүй кешені іске қосылмақ. Сонымен қатар Қазақстанға қыдырып келетіндердің де саны артқанын айта кету керек. Мәселен, 2025 жылы 15 млн-нан астам шетелдік елімізге келген. Оның 11 миллионы – турист.

← Все новости