Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 19 просмотров

Ауыр көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Ауыр жүк машиналары Талдықорған – Өскемен тасжолын бүлдіріп жатыр. «ҚазАвтоЖол» мамандары осылай деп дабыл қағып жатыр. Себебі шамадан тыс жүк тиеген көліктер салмақ өлшейтін станцияға жетпей, айналып өтеді екен. Салдарынан жолдың сапасы нашарлап жатқан көрінеді.

Ведомство карьер иелерін, жүк тасымалдаушыларды және ауыр техниканы пайдаланатын ұйымдарды бақылау бекеттерін айналып өтпеуге шақырды. Себебі жақында ғана жаңартылған жолдың 10 мың шаршы метрден астам бөлігін қайта қалпына келтіру қажет, дейді мамандар.

← Все новости