Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Құтқарушылар балаларды құтқарды

Алматыда табиғатқа шыққан бір топ жас тау басында қалып қойды. Абырой болғанда, оларға жергілікті құтқарушылар көмектескен. Медеу ауданына қарасты 3180 метр биіктіктегі Күмбелі шыңына шыққан қыз-жігіттердің қайтарда біреуінің денсаулығы сыр беріпті. Өз бетімен жүруге дәрмені қалмаған. Мониторинг жасап отыратын жедел әрекет ету орталығының мамандары бірден байқап, жастарды аялдамаға дейін шығарып салыпты. Құтқарушылар таулы жерге барарда денені шынықтырып, денсаулық жағдайын және ауа райын ескеруді сұрайды.

← Все новости