Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

3,7 млрд долларлық 60 келісім

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түспек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Кенжи Ямадамен өткен кездесуінде айтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Токиоға барған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға басымдық берілді. Сапар аясында 60 коммерциялық келісімге қол қойылған еді. Ал бүгінде елімізде жапондық серіктестермен 17 жоба іске асырылып жатыр. Оның 10-ы пайдалануға берілген.

← Все новости