Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Қазақстандық блогер Трамптың ұлымен бірге адасқан

Жер-жаһанды аралап, түрлі контент түсіріп жүрген отандық танымал блогер келеңсіз оқиғаға тап болды. Әлеуметтік желіде 2 млн-нан астам оқырманы бар Дастан Мұхамедрақым есімді жерлесіміз АҚШ президентінің үлкен ұлымен бірге Моңғолия тауларында адасып кете жаздады.

ДАСТАН МҰХАМЕДРАҚЫМ, БЛОГЕР:

Бір нәрсе айтайын ба? Голливудта болмаған нәрсе ғой. Бірақ шын өмірде болып жатыр да. Трамптың баласымен бірге тауда адасып, жол іздеп, өзеннен өте алмай, таудан аса алмай, в общем, кино болып жатыр.

Бірақ кейіннен саяхатшы мән-жайды түсіндіріп, оқырмандарын сабырға шақырды. Сөйтсек, Дастан кіші Дональд Трамппен бірге жаяу, ешқандай гидсіз Моңғолияның қақ ортасындағы тауға шыққан. Алайда бағдардан адасып, тығырыққа тіреліпті. Кейіннен «сау басына сақина тілеп ала жаздаған» туристерге жергілікті тұрғындар жол көрсетіп, оларды құтқарып алған көрінеді. Бұл оқиға АҚШ пен Қазақстанның іскерлік қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілген тұста қоғамның ерекше назарын аударды. Себебі отандасымызбен бірге жүрген Ақ үй басшысының ұлы Қарағандыдағы вольфрам кен орындарын игеру бойынша американдық инвестициялық жобаларға қатысы бар екен. Айта кету керек, ауқымды жұмыстарға АҚШ-тың қаржы институттары 1,6 млрд доллар бөлуге дайын көрінеді.

← Все новости