Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Лайк жинаймын деп айыппұл арқалады

Әлеуметтік желіде лайк пен қаралым жинауды көздеген ақтөбелік жастар көліктерінен айырылып жатыр. Олар қаладағы үлкен көшелердің бірінде газды басып құйғытып, қауіпті маневр жасаған. Онымен қоймай есірген әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Бұны байқаған полиция қызметкерлері бірден іске кірісіп, жүйткіген жас жүргізушілерді ұстап алған. Көліктерін айып тұрағына қойып, жастарды әкімшілік жауапкершілікке тартыпты. Тәртіп сақшылары бір сәттік «контент» үшін түсірілген дүниелердің қоғам үшін қауіпті екенін ескертеді.

← Все новости