Шымкентте көркемсурет мектебінен шу шықты. Мекеме директоры әр бала 4300 теңге көлемінде ақы төлемейтін болса, үйірмеге қатыспасын деген шешім шығарыпты. Тіпті жылдар бойы қаланың үш жерінде үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан мекемелерді бір жерге топтастырамын деп тығырыққа тіреді деп отыр ата-аналар мен мұғалімдер. Бұл шешімнен соң ұл-қыздар үйірмеге бармай, енді не істерін білмей дал.
Шымкенттегі көркемсурет үйірмесіндегі мұғалімдер мен ата-аналардың үнжұрғасы салбырап жүргеніне біршама уақыт болыпты. Себебі шаһардың түкпір-түкпірінде жұмыс істеп тұрған филиалдарын жауып, № 4 оқушылар сарайының ішінен қаусап қалған 3-4 кабинетке біріктіріпті. Ескірген жерді мұғалімдер жамап-жасқап, жабдықтарын өздері түгендепті.
АЙЖАМАЛ ҚАЛМЫРЗАЕВА, БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Бұл жерде, ғимаратта біздің балаларға ешқандай жағдай жасалмай тұр. Бір кабинетте су жоқ, біз енді көркемсурет болғандықтан, балалар сумен жұмыс істейді үнемі. Олар қолын жууы керек, краскіні араластыруы керек дегендей. Одан бөлек, освещение өте қараңғы. Біз суретшілерге өте жарық софиттер болуы керек. Одан кейін элементарный перде де жоқ. Біз үйімізден әкеп іліп отырмыз, басқа нәрсені айтпағанда.
Ал осы уақытқа дейін балалары ынтасымен барып жүрген бөлімшелердің жабылуына ата-аналар да наразы. Себебі жаңа орынға тасымалдау қиындап кеткен. Ал ұл-қыздарының өздерін жіберу, әрине, қауіпті деп отыр.
УМИДА МАҚСҰТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұл жерге келетін маршрут өте ыңғайсыз. Потому что өзі осы жаққа келу үшін 2 пересадки істеу керек. Потом бұл жаққа кеп, сабаққа келгенше үйге барып, тамақ жеуге успеть етпейді бала. В обычную школу вообще не успевает бала.
Жаңа орынға барып оқушы санын толтыра алмай жүргенде, мектеп директорының пәрменімен үйірме ақылы болып кетіпті. Бұл жығылғанға жұдырық болып тиді дейді мұғалімдер. Ал ата-ана үшін ай сайын 4325 теңге төлеу де артық шығын деп отыр. Салдарынан әу баста 200 оқушы келетін үйірмеге қазір 50-ге жетпейтін шәкірт келеді екен.
МЕКТЕПТЕГІ ӘҢГІМЕДЕН:
Хожу по улицам, у меня 2 высших образования. Красный диплом. Мен ұяламын, аналар бізге қарайды, бейшара сияқты қарайды да. Біздің айлығымыз не болады? Қазір тарификацияда жоқ, бала сағатымыз жоқ. Расписание жоқ, нені қоямыз біз?
Десе де шулаған мұғалімдер мен ата-аналармен кездесуге келген мектеп директоры әкімдіктің тапсырмасын істеп отырмыз деп кесіп айтты. Яғни ішкі шығындарды жабу үшін қаражат жинайтынын жеткізді.
ВИОЛЕТТА АКЧУЛАКОВА, «БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ» МКҚК ДИРЕКТОРЫ:
Нам не выделяют деньги… Біз мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болған соң, біздің салығымызға қаржы аударылмайды. Өзімізді өзіміз асырауымыз керек. Бірінші кезекте ақша табуымыз қажет.
Ал қалалық білім басқармасындағылардың сөзінше, мектеп директоры менмендікке салынып, бүкіл істі әкімдіктің пәрменінсіз істеп отыр дейді. Шымкентте бір балаға бір үйірме тегін деген олар тексерісті бастаймыз деп отыр.
ОЛЖАС ЛЕСБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Бағанағы ваучерге қаржы төлеу бойынша, бір баланың 1 МРП-дан төлеуі бойынша және мына ғимаратты бірге № 4 оқушылар сарайының үшінші қабатына орналастыру бойынша зерделеу жұмысы жүргізілетін болады. Егер сол жерде заңбұзушылықтар табылса, мектеп басшысына тиісті шара қабылдаймыз.
Ал мұғалімдердің айлығы қандай болатыны зерделеу жұмыстарынан кейін белгілі болады дейді. Сондықтан атқамінерлер педагогтармен сөйлесетінін айтты.