Перейти к содержимому
· 80 просмотров

Блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды

Форма кигеннің бәрі бірдей қызметтік тәртіпке бағынбайды екен. Елордада шетелдік блогермен шыр айналып видеоға түскен полицей қыздар жұмыстан қуылды. Желіде желдей ескен бұл бейнежазба халық арасында үлкен резонанс тудырды. Бірі бұл іс-әрекетті әдепке жатпайды десе, өзгелері аттарына сай болуы керек деп сөкті. Осы жайттан соң қалалық полиция департаменті сынға ұшыраған сақшылардың үстінен қызметтік тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шығарылған. Айта кетейін, видеодағы мысырлық блогер — Ахмет Хаггаг. Әлемнің 193 елін аралаған танымал саяхатшы, Instagram-дағы оқырман саны 1 миллионнан асады.

← Все новости