Перейти к содержимому
· 90 просмотров

Аяғы эскалаторға қысылып қалды

Семей тұрғыны сәл болмағанда аяғынан айырылып қала жаздады. 36 жастағы әйелдің тобық тұсы эскалаторға қысылып қалып, өз бетімен шыға алмай, біраз қиналды. Айналасындағылар жанұшыра көмек сұраған кезде сауда орнының қызметкерлері эскалаторды тоқтатып үлгеріпті. Шақырту түсісімен құрал-саймандарын арқалаған мамандар да жедел жеткен. Бәрі жұмылып, келіншектің аяғын темір құрсаудан босатты. Ең бастысы — дін аман, аса бір қатты жарақат алмапты. Қажетті медициналық көмек көрсету үшін бірден дәрігерлерге тапсырылған.

← Все новости