Перейти к содержимому
· 93 просмотра

Қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

Қазақстандықтарды тақырға отырғызып, төрт жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген The Finiko деген қаржы пирамидасының басшысы Түркияда ұсталды. Тергеу мәліметінше, өздерін инвестициялық компаниямыз деп жұрттан ақша жинаған алаяқтар ешқандай кәсіппен айналыспаған. Қатысушыларға төлемдер пирамида тәсілімен жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен беріліп келіпті.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс қалыптастырып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген. Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты қаржы пирамидасына тартылған. Сонымен қатар сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.

Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адамның мүлкі тәркіленіп, өздері алты жылға дейін бас бостандығынан айырылған екен.

← Все новости