Перейти к содержимому
· 98 просмотров

Дүкеншіні боқтаған жігіт темір торға қамалды

Қосшыда масайған ер адам дүкеншіге тіл тигізіп, бейәдеп әрекет жасаған. Ащы суға сылқия тойып алған ол сауда орнында шу шығарып, тұрғындардың мазасын алған. Дөрекілік көрсеткен жігітті сатушы таспалап алып, полицияға арызданыпты. Жәбірленушінің шағымынан кейін полиция 34 жастағы ер адамды қолға түсіріп, бөлімшеге жеткізген. Тәртіп сақшылары оның Батыс Қазақстан облысының тумасы екенін анықтады. Сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

← Все новости