Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 27 просмотров

Көліктер соқтығысып, 1 адам қаза тапты

Павлодарға кіреберіс жолда төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы жеті жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қатты соққыдан темір тұлпарлар темір-терсекке айналған. Қазір жараланғандардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жол апатының қалай болғанын, кімдердің кінәлі екенін анықтауда. Мамандар күзгі уақытта, әсіресе жаңбыр жауғанда, жолдың тайғақ болатынын айтып, жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости