Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 23 просмотра

Қатонқарағай әуежайы жыл соңына дейін салынып бітеді

Қатонқарағайдағы жаңа әуежайдың құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады. 400-ден астам адам екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Жүз шақты техника тартылған. Қазірдің өзінде техникалық корпустар мен аэровокзал және «Қазаэронавигация» кәсіпорнының ғимараттары салынып бітіпті. Құрылысшылар келесі айдан бастап нысанның ішкі жұмыстарына кіріседі. Облыс басшылығы құбылмалы ауа райына қарамастан, құрылыс қарқынды жүріп жатқанын айтып отыр. Ұшу-қону жолақтары мен перрон да дайын, жарық пен дыбыс жабдықтары толық орнатылыпты.

НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мынау благоустройство деп айтамыз, сол жұмыстарға кірісіп жатыр. Егер ауа райы күрт өзгеріп, жауын-шашын қарға ұласып кетпесе, осы жылдың аяғына дейін аэропортты толық іске қосамыз деп ойлап отырмыз. Қажетті құрал-жабдықтар, құрылыс заттары барлығы дер кезінде, уақытылы жеткізіліп тұр. Қажетті қаражат бөлінген. Қазір «Қазаэронавигациямен» бірлесе отырып, осы әуежайды жоғары деңгейде бітіріп шығамыз деп ойлап отырмыз.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости