Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

20 мыңнан астам полицей жетіспейді

Еліміз бойынша 20 мыңнан астам полицей жетіспейді.

Кадр тапшылығы туралы Үкіметте өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары айтты. Игорь Лепеханың сөзінше, әсіресе патрульдік тәртіп сақшылары, учаскелік инспекторлар және кәмелетке толмағандармен тікелей жұмыс істейтін мамандар тапшы екен. Осы ретте жауапты ведомство бұл мәселені әкімдіктермен бірлесіп шешіп жатқанын да жеткізді. Яғни қызметкерлер санын кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Жаңа шағын аудандар, учаскелік полиция пункттері, елді мекендер мен мектептер салынып жатыр. Осыған байланысты учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға қажеттілік артып келеді. Бұл санаттағы қызметкерлер жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазір әкімдермен бюджет мүмкіндігіне қарай, ең алдымен осы бөлімшелердегі қызметкерлер санын кезең-кезеңімен арттыру жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Жанар Арғын

← Все новости