Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Мыңға тарта жеделсаты жарамсыз

Елімізде көпқабатты үйлердегі мыңға тарта лифт мінуге жарамсыз. Мамандар оларды апаттық жағдайда деп бағалап отыр. Енді осындай ескі-құсқы жеделсатыны жаңартудың жол картасы бекітілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді. Құжатта көпқабатты үйдегі лифтіні күрделі жөндеу немесе ауыстыру туралы шешімді пәтер иелері көпшілік дауыспен қабылдайтыны айтылған. Ал жергілікті әкімдіктер жаңарту мерзімі мен қаржыландыру көзін белгілейді. Республикалық бюджет есебінен лифт жабдықтарын жөндеуге және ауыстыруға жеңілдетілген несие қарастырылған. Ол 7 жыл мерзімге 1 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Тұрғындар қарызды 7 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта өтеуге тиіс. Айта кеткен жөн, 2019 жылдан бері елімізде жергілікті қазынаның есебінен екі мыңнан астам жеделсаты ауыстырылыпты.

← Все новости