Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Қар түсуі мүмкін

Еліміздің басым бөлігінде күн суытып, алғашқы қар да түсуі мүмкін. Қазгидромет мамандары алдағы тәулікке болжамдарын ұсынды. Синоптиктердің сөзінше, қыркүйектің соңғы күндері республиканың тең жартысында күн райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде нөсер жауып, таулы аймақтарға ақ ұлпа түседі. Сондай-ақ түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ күтіледі. Тіпті таңғы уақыттарда көз байлайтын тұман да түсуі ықтимал. Десе де, солтүстік және шығыс өңірлерде күн құрғақ болады. Ал оңтүстік аймақтарда жылы ауа райы сақталады екен.

← Все новости