Перейти к содержимому
· 24 просмотра

50 сарбаз айдап үйренді

Қонаев гарнизонында 50 сарбаз жүргізуші сертификатын алды.

Олар үш ай бойы әскери техниканы айдауды үйренген. Дайындықтан өткен қатардағы жауынгерлердің жартысы БТР-ді, қалғаны «Арлан» машинасын жүргізген. Отан алдындағы борышын өтеген бір жылдың ішінде екінші мамандықты меңгерген жігіттер әскерден кейін де сертификаттың пайдасын көреді.

Айдос Фахраддинов, Қатардағы жауынгер:

Мен қазір БТР көлігін толықтай меңгердім. БТР өте жақсы машина, бронды, суда жүзетін көлік. Мен бұл жақтағы офицерлер мен сержанттарға алғысымды айтқым келеді, бізге бар білгенін үйреткен. Жақсы білгеніміз үшін сертификат алып, 35-гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасына барып, абыроймен қызмет етемін.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Все новости