Перейти к содержимому
· 30 просмотров

4 әйел жалдамалы пәтерді жыныойнаққа айналдырған

Алматыда жалдамалы пәтерді жыныойнаққа айналдырғандар ұсталды.

Полицияны күнде болатын шудан мезі болған көршілері шақырыпты. Тәртіп сақшылары пәтерде 20-35 жас аралығындағы қыз-келіншектің барын анықтаған. Олар интимдік қызмет көрсетумен айналысыпты. Еліміздің әр өңірінен келген. Мән-жайды анықтау үшін барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жеке басы тексеріліп, осы іске қатысы бар басқа тұлғалар анықталып жатыр.

Ұлан Тәліпбай

← Все новости