Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Арқалықтың адамдары пакет киіп жүреді екен

Балшықтан ығыр болған Арқалықтың халқы аяғына пакет киіп жүруге мәжбүр. Жауын-шашын кезінде адам тұрмақ, көліктің өзі жүре алмай қалады екен. Сөйтсек, Қамыс саяжай кентінде кәріз құбырларын жүргізіп, көшені қазып тастаған. Жаңбырлы күндері жер езіліп, жүріс-тұрыс қиындайды екен. Жергілікті әкімдікке хабарласып, мән-жайды анықтадық. Айтуларынша, уақытша қолайсыздық болатыны тұрғындарға алдын ала ескертілген. Енді күн райы түзеліп, жер кепсе, мердігерлер аумақты тегістеп, жолға тас төсеп, бәрін қайта ретке келтіреді деп сендірді.

← Все новости