Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Шымкентте дәретханаға баратындар көбейген

Шымкентте екі жыл бұрын ашылған заманауи әжетханаға тәулігіне мыңнан аса адам барады екен. Тұрғындардың айтуынша, ішіне кірген кісі шыққысы келмейтін көрінеді. Тегін болса да, тап-таза. Дизайны да құдды бір қонақ бөлме секілді әспеттелген. Жанға қажеттінің бәрі бар көрінеді. Тіпті аквариумде балықтар жүзіп жүреді екен. Асықпай душқа түсіп, шайынып алуға да болады.

НҰРЛЫБЕК ЖАРЫЛҚАСЫН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өте жақсы істеген. Еще тегін. Еще туалетке осындай беріп, қаланы көркемдетіп жатыр. Барлығы таза, жақсы істелген.

НҰРБОЛ НЫШАНБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ол әжетханаларда ана мен балаға арналған орындар да бар екен. Анасымен, баласымен жүргендерге өте ыңғайлы.

Жоба жетекшілерінің сөзінше, әу баста ерекше әжетхана салу бастамасын сынағандар көп болыпты. Уақыт өте келе тұрғындар туалеттің тазалығын сақтап, кіріп-шығу мәдениетін меңгеріп келеді екен. Қазір қала бойынша 20-дан аса осындай кабина мен үш қоғамдық душ жұмыс істеп тұр.

МАҚСАТ ӘЛИХАНОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Біз, алайда, басқа гипотезаны дәлелдегіміз келген. Сол үшін осындай әдемі және таза, қауіпсіз кеңістікті соғатын болсақ, халық оған құрметпен қарайды деген үмітіміз болған. Қазіргі таңда жарты миллионнан астам келуші бар.

← Все новости