Перейти к содержимому
· 79 просмотров

Арал мен Каспийді қалпына келтіру жұмыстары күшейтіледі

Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтап қалу жұмыстары күшейтіледі.

Үкімет теңіз деңгейін көтеру мен экожүйені реттеу бағытында бірқатар жобаны қолға алған. Соңғы 20 жылда айдын аумағы 36 пайызға ұлғайып, су көлемі 23 миллиард текше метрден асты. Бұдан бөлек, Сырдария арқылы жыл сайын кемінде 2 миллиард текше метр су жіберіледі. Енді Көкарал бөгетін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Ал Каспий теңізінің тартылуына қатысты ғылыми зерттеулер күшейтіледі. Көршілес  мемлекеттермен бірлесіп, су деңгейін тұрақтандыру, биоалуантүрлілікті сақтау және ластанудың алдын алу шаралары пысықталып жатыр.

← Все новости