Әлеуметтік желіде отырып, заң бұзған 29 адам қамауға алынды.
Бұл жөнінде Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Депутаттардың сауалына жауап берген ол TikTok, Threads, Instagram секілді парақшаларда 184 аккаунт тексерілгенін айтты. 50 шақты қолданушыға айыппұл салынған. Бір адам қоғамдық жұмысқа тартылыпты. Сондай-ақ жауапты орган жыл басынан бері Қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру бабы бойынша 72 іс қозғалып, 21 іс сотқа жолданғанын да хабарлады.
Маржан Нүсіпбек