Перейти к содержимому
· 87 просмотров

Қалада халық көбейеді

25 жылдан кейін ауылда адам қалмайтын түрі бар. Өйткені қазірдің өзінде даладан қалаға көшетіндер саны күрт көбейген. Energyprom агенттігінің мәліметінше, қыркүйек айында қазақстандықтардың 64 пайызы шаһарларға қоныстанған. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 75 пайызға дейін өсуі мүмкін. Мысалы, Астана, Шымкент, Алматыны есептемегенде, қазірдің өзінде халқы көп қалалардың көшін Қарағанды бастап тұр. Одан кейін Ұлытау, Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары. Ал 2010 жылдан бері ауыл тұрғындарының үлесі солтүстікте қысқарған. Олардың үдере көшуіне экономикалық мүмкіндіктердің азаюы, инфрақұрылымдардың даму деңгейі ықпал еткен.

← Все новости