Перейти к содержимому
· 69 просмотров

Әскерилерге арналған үйлер қаңырап тұр

Үйі бар, бірақ кілті жоқ. Әскерилерге арналған көпқабатты нысан бес жылдан бері қаңырап бос тұр. Жамбыл облысындағы Гвардейский кентіндегі қос ғимарат мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бой көтерген. 2021 жылы пайдалануға берілуге тиіс болғанымен, осы уақытқа дейін тірі жан қоныстанбапты. Желіде желдей ескен ақпаратқа қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жобаны іске асыру кезінде құрылыс нормалары сақталмаған.

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

2021 жылы үйлердің құрылысы 90 пайызға аяқталған болатын. Алайда ғимараттардың негізгі тірек құрылымдарында жарылған жерлер анықталып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Техникалық тексерулер іргетастағы бетонның беріктігі жобада белгіленген талаптарға сай келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты үйлердің жекелеген құрылымдарын нығайту қажет. Кемшіліктерді жою жолдарын анықтау үшін бірнеше техникалық тексеру жүргізілді.

Тексеріс қорытындысы бойынша мамандар ғимараттың жобалық құжаттамасын қайта әзірлеуді ұсынған екен. Ал қаңыраған үйлер қашан берілетіні әзірге белгісіз.

← Все новости