Перейти к содержимому
· 32 просмотра

Қазақстанның ауқатты кәсіпкерлері кім?

Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендері кім екені белгілі болды. Forbes Kazakhstan жыл сайынғы рейтингін жариялады. Бұл жолы тізімге жаңа есімдер де кіріп отыр. Сонымен, байлығы 7,8 млрд доллардан асатын Вячеслав Ким бірінші орында. Одан кейін 68 жастағы Болат Өтемұратов тұр. Үшінші және төртінші орынға Тимур Құлыбаев пен Нұрлан Смағұлов жайғасқан. Ал алғаш рет енген белді тұлғаларға келсек, құрылыс саласында кәсібін дөңгелеткен Шахмұрат Мүтәліп, Нұрлан Артықбаев және тау-кен саласында жүрген Құдрат Шәмиев пен халықаралық агротрейдинг саласын меңгерген Алмаз Әлсенов бар.

← Все новости