Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Субсидия алу жеңілдеуі мүмкін

Шаруаларды сан мың құжатпен ары-бері сенделтетін субсидияны алу енді жеңілдеуі мүмкін. Себебі бұл сұрақ бұдан былай Жасанды интеллект арқылы шешіледі екен. Нақтырақ айтсақ, осы мәселе бойынша көмекке мұқтаж фермерлерге нейрожүйеде жұмыс істейтін кеңесші қолғабыс етеді. Жауаптылар арнайы чат-бот дайындаудың қамына кірісіп кетті. Жаңа жүйе «ГосАгро.кз» порталында іске қосылып, өтінім беру талаптары мен қажетті құжаттар туралы сауалдарға жан-жақты жауап береді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, фермерлер мамандарға жүгінбей-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады. Бұл мемлекеттік қолдау шаралары туралы қажетті ақпаратты алуды жеңілдетіп, қызметкерлердің де жүктемесін азайтуға септігін тигізеді.

← Все новости