Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Энергияны үнемдеу талаптары күшейтіледі

Елімізде энергия үнемдеу талаптары күшейтілмек. Осы бағыттағы заңнамаға түзетулер енгізіліп, ірі кәсіпорындардың жауапкершілігі артады, ал жергілікті әкімдіктердің құзыреті кеңейеді. Құрылтайда қаралған заң жобасында тағы қандай жаңашылдықтар бар?

ЖАНАР АРҒЫН, ТІЛШІ:

Бүгін Құрылтайда екі бірдей заң жобасы қаралып жатыр. Соның бірі – энергия ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған. Құжаттағы маңызды өзгерістің бірі – ірі тұтынушыларға қойылатын талаптың күшеюі. Енді арнайы келісім жасауға міндетті кәсіпорындар үшін энергия тұтынудың шекті көлемі жылына 100 мың тоннадан 50 мың тоннаға дейін азайтылмақ. Бұдан бөлек, мемлекеттік мекемелердің энергия шығыны тұрақты тексеріліп, белгіленген нормадан артық пайдаланған ұйымдарға талап күшейтіледі. Ал әкімдіктерге өңірлердегі энергия үнемдеу жұмыстарына бақылау жасау міндеті жүктелмек. Мұндағы мақсат – ресурсты ретсіз жұмсамай, әрбір киловатты тиімді пайдалану.

ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Заң жобаларында ұсынылып отырған шаралар энергия үнемдеу талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және заманауи технологияларды енгізуге тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп санаймын. Бұл ретте нәтижені энергия ресурстарының нақты үнемделуі, энергия шығындарының қысқаруы және қаржылық шығындардың азаюы негізінде бағалау қажет. Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі дәл осы көрсеткіштермен айқындалуға тиіс.

ЖАНАР АРҒЫН, ТІЛШІ:

Ал екінші заң жобасы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді қамтиды. Атап айтқанда, медициналық туризмді дамыту, ауруханаларды цифрландыру және дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тіркеу тәртібін жетілдіру ұсынылған. Сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсетуге қатысты талаптар да қайта қаралмақ. 

← Все новости