Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Әдемі қыздардан абай болыңыз!

Әлеуметтік желіде әдемі қыз кездесуге шақырса, бармағаныңыз жөн. Өйткені интернет арқылы танысқан біраз алматылық кездесуге барып, оңбай таяқ жеп, тоналып қайтқан. Оқиға былай өрбиді. Қыз жігітпен кездесуге келісіп, екеуі пәтерге барады. Алайда көп ұзамай ол жерге бейтаныс адамдар баса-көктеп кіріп, бойжеткеннің ағалары екенін айтып, қорқытып, ақша бопсалайды екен. Осылайша романтикалық кездесу алдын ала ойластырылған қылмыстық топтың тұзағына түсуге алып келеді. Полицияның мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері осындай төрт қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері сотталған. Соңғы кездері осыған ұқсас жаңа деректер де тіркеліпті.

← Все новости