Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Кішкентай қыздар балалар алаңын өртеп жіберді

Ойынан от шықты. Ақтауда екі кішкентай қыз балалар алаңын өртеп жіберді. Ауладан шыққан қою қара түтінді көріп, имандары ұшқан тұрғындар дереу құтқарушыларға хабар берген. Өрт сөндірушілерге алғашында «қоқыс жанып жатыр» деген хабар түсіпті. Алайда кейін бұл оқиғаға қаршадай бүлдіршіндердің қатысы бары анықталды. Олар алаңда жатқан матрасты ойнап өртеген көрінеді. Ал тілсіз жаудан келген шығын бес миллион теңгеге жуық деп бағаланып отыр. Жауапты компания келтірілген залалды өндіріп алу үшін полицияға арызданған. Сәтін салғанда, оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген.

← Все новости