Перейти к содержимому
· 28 просмотров

Сапасыз бензин жүргізушілерді жолда қалдырды

Сапасыз бензин жүргізушілерді жолда қалдырып, әбден әбігерге салды.

Ақмола облысында жанар-жағармай бекетінен сұйық отын құйған 15 көлік оталмай, жолда қалды. Жүргізушілер бензинді Зеренді тас жолына шығар тұстағы жанармай бекетінде құйған.

Кейбір темір тұлпарлар сол жерде істен шықса, басқалары көп ұзамай жолда өшіп қалған. Бұл деректі қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімі растады. Қазіргі уақытта көліктердің барлығы жөндеу орталықтарына жеткізілді. Мамандар олардың жанармай жүйесін тазалап жатыр. Ал бекет басшылығы зардап шеккендерге келтірілген шығынды толық өтеуге уәде берді.

Ғалымжан Кенжебек

← Все новости