Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша қаржы бөлінеді?

Елімізде мәслихат сайлауына түсетін үміткерлерге мемлекеттен қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды.

Орталық сайлау комиссиясы шығындардың нақты көлемін бекітті. Ресми тіркелген әр кандидаттың сайлауалды науқанына республикалық бюджеттен 700 мың теңгеге дейін қаражат қарастырылған. Бұл ақша қолға берілмейді, тек мемлекет есебінен нақты шығындарды өтеуге жұмсалады.

Қаржының ең қомақты бөлігі, яғни 410 мың теңге, үміткердің бағдарламасын телеарна мен радиодан таныстыруға және басылымдарда екі мақала жариялауға беріледі. 180 мың теңге сайлаушылармен кездесу ұйымдастыру мен үгіт материалдарын дайындауға бағытталса, қалған 110 мың теңге кандидаттың жол-көлік шығындарын өтейді.

Бұл облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бірмандатты округ бойынша бағын сынайтындарға қатысты. Ал қалалық және аудандық деңгейдегі үміткерлерге жұмсалатын қаржы бұдан азырақ.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости