Елімізде кәмелетке толмағандар арасында есірткі тұтыну қаншалықты кең таралғаны зерттеледі.
Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктері осы сұраққа жауап іздеу үшін зерттеу жүргізеді. Оған 78 колледжде білім алатын бірінші және екінші курс студенттері қамтылады. Жалпы саны екі мыңға жуық жасөспірім деп жоспарланыпты.
Жоба оқушылар арасында алкоголь, темекі, есірткі және басқа да зиянды заттарды тұтыну деңгейін зерттейтін халықаралық ESPAD бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Мұндағы мақсат — жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттердің алдын алу шараларының тиімділігін бағалау.
Жақсылық Жасұланұлы