Қазақстанның ақбөкендері туралы BBC-де айтылды.
Әңгімеге киік популяциясын қалыпқа келтіру тақырыбы арқау болған. Уэльс ханзадасы Уильям сұхбат кезінде ақбөкенді Қазақстан үкіметі қалай қорғайтынына ерекше тоқталған.
«Қазақстан билігі киіктің ел үшін және табиғатты қорғау ісіндегі маңызын түсініп, оны сақтап қалуға барынша қолдау көрсетті. Қазір ақбөкендер саны айтарлықтай өсті», — деген ол сұхбатында.
Биыл көктемгі санақ бойынша елімізде бұл жануардың саны 4 миллионнан асқан.
Ақбаян Сұлтанмұрат