Біздің ел білім беруден алда. Ғаламдық инновациялар индексі 2025 жылғы Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттері арасында білім көрсеткішін жариялады. Соған сәйкес, Қазақстан бұл жағынан өңірдегі өзге мемлекеттерден оқ бойы озып, бірінші орынға жайғасты. Ал әлем елдері арасында 133 мемлекеттің ішінде 68-ші орынға тұрақтады. Бұл саладағы тағы бір маңызды жетістік – еліміз орта білім беру жүйесіндегі оқушы мен мұғалім санының арақатынасы бойынша әлемде екінші орыннан көрінді. Халықаралық институттардың дерегіне сүйенсек, қазір бізде бір ұстазға орта есеппен сегіз оқушыдан келеді екен.