Перейти к содержимому
· 10 просмотров

«Бомба бар» деп, әуежайды дүрліктірді

Астана әуежайындағы әзіл әбігерге салды. Тіркеу кезінде шетелдік азамат «менде жарылғыш зат бар» деп әуежайдың қауіпсіздік қызметін аяғынан тік тұрғызды. Сөйтсе, жұрттың зәресін алған жолаушы мұны жай ғана қалжың деп түсіндірген. Алайда стратегиялық нысанда мұндай әзілге орын жоқ. Қауіпсіздік қызметі күдіктіні бірден бастан-аяқ тексеріп, ұшақ бортына жібермей алып қалды. Енді бұл оқиғамен құзырлы орган өкілдері айналысып, оны жауапқа тартпақ.

← Все новости