Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Қысқы дөңгелек аламын деп алданып қалмаңыз

Елімізде кибералаяқтық өршіп тұр. Енді қаскөйлер қысқы дөңгелек іздеген жүргізушілерді тұзаққа түсіруде. Осыған орай тәртіп сақшылары жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шиналарды арзанға береміз деген хабарландыру беріп жатыр екен. Сөйтіп тауарды брондау үшін алдын ала төлем жасауды талап етеді. Тіпті «сұраныс жоғары, дөңгелек таусылып қалады» деп, сатып алушыны асықтырып, ойлануға мұрсат бермейді екен. Ал ақша қолына түскен бойда байланысты үзіп, із-түзсіз жоғалады. Полицейлер мұндай қулыққа алданбау үшін ақша аудармас бұрын тауарды көзбен көріп, тексеруді сұрайды. Сондай-ақ күмәнді арзан хабарландырулардан сақтанып, дөңгелекті тек ресми сауда орталықтарынан алуға кеңес береді.

← Все новости