Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Алатау қаласында жаңа сот жүйесі құрылады

Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі өзгереді. Жаңа құжат келесі жылдың қаңтар айында Құрылтайдың қарауына жіберіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында мәлімдеді. Қазір шаһардағы сот жүйесін ұйымдастыру үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы іске кіріскен. Басты мақсат – қаланың құқықтық деңгейін жетілдіріп, инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру. Бұдан бөлек, шетелдік капиталды тиімді тарту үшін «Бәйтерек» холдингінің құзыреті кеңеймек. Оған инвестициялық саясат саласында қосымша функциялар беріледі. Айта кетейін, бұл шаралар Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында қолға алынып жатыр.

← Все новости