Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Дәмхана өртенді

Шымкентте дәмхана өртке оранды. Қаланың ортасында орналасқан кафенің ас бөлмесі мен шатыры шытырлап жанып, ел-жұрттың зәресін ұшырды. Қайта өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, қызыл жалынның жапсарлас тұрған басқа ғимараттарға өтуіне жол бермеген. Соның өзінде от 35 шаршы метр аумаққа таралған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал тілсіз жаудың қалай тұтанғаны анықталып жатыр.

← Все новости