Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Атырауда жарылыс болды

Бүгін таң ата Атырауда жарылыс болды. «Авангард-2» шағын ауданында орналасқан қазандықта газ-ауа қоспасы атылған. Салдарынан 12 метр қашықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің терезелері мен екі жеңіл автокөлік зақымданып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жедел жәрдем қызметі шұғыл жеткен. Қазіргі уақытта жарылыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

ЕРБОЛ ҒАБИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ:

2026 жылғы 29 қазанда сағат 09:30-да Атырау қаласының «Авангард-2» ықшам ауданындағы №17 мекенжайда орналасқан Sulpak электроника дүкеніне жапсарлас салынған ауданы 36 шаршы метр болатын жылыту қазанында дүрсіл болды. Дүрсіл салдарынан 1973 жылы туған бір азамат зардап шекті. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

← Все новости