Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет!

Жасыратыны жоқ, қоғамда педагог мәртебесіне шекеден қарайтындар да бар. Тіпті оқушысы мұғаліміне дікеңдеп сөйлеп, күш қолданатын оқиғалар да ара-тұра болып тұрады. Сондықтан Президенттің Жолдауда ұстаздардың абырой-беделі жайлы айтқан пікірін сарапшылар қолдап, пікір білдірді. Мамандардың айтуынша, ең алдымен тәрбие отбасынан басталатынын ұмытпау керек. Барлық проблеманы мектепке ысырып қойып, әр үйдің еркетотайының мінезін мұғалімдер көтеруге міндетті емес. Кез келген мәселеде мұғалімді кінәлай бермей, істі соңына дейін тиянақты тексеру дер кезінде айтылған сөз дейді.

АРДАҚ МОНТАЕВ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Менің ойымша, ұстаздардың қоғамдағы рөлі әлі де нақты бекітілмеді деп ойлаймын. Оларды да әлі күшейтіп, заң аясында олардың қадір-қасиетін, беделін анықтап, белгілеу керек. Осыған да аса назар аудару керек деп ойлаймын. Алдағы уақытта мәселесін шешіп, қоғамдағы ұстаздардың, дәрігерлердің жалпы еліміздің дамуына күндіз-түні қызмет етіп жатқан әр саланың азаматтарының қадірі жастардың алдында беделі болады деп есептеймін.

← Все новости