Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Британдық актер қазақстандықтардан «Борат» фильмі үшін кешірім сұрады

Бораттың даулы бейнесі үшін қазақстандықтардан кешірім сұраймын! Осылай деген британдық актер Саша Барон Коэн 20 жылдан кейін көпшілік алдында бұл фильмнің Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін мойындады. Тіпті түсірілім кезінде біздің еліміз туралы түсінігі де болмағанын америкалық танымал подкастта ашық айтты.

САША БАРОН КОЭН, АКТЕР:

Мен алғаш рет Қазақстан халқынан кешірім сұрағым келеді. Өйткені Бораттың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Мен сіздердің қалай сөйлейтініңізді де білмеймін. Бораттың акцентімен сөйлегенім – Орталық Азия халықтарының сөйлеу ерекшеліктерінен хабарым аз болғандықтан. Қазақстандықтар, маған ренжімеңіздер. Мен сіздерге құрметпен қараймын!

Актер фильм жарық көргеннен кейін Қазақстан елшілігінің ресми түрде шағым жолдағанын да атап өтті. Әрі халықтың наразылығы орынды екенін жеткізді. Және де қазақстандықтардың сырт келбеті өзі сомдаған кейіпкерге мүлде ұқсамайтынын айтты.

← Все новости