Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Елде 28 сүт фермасы салынады

Елімізде жылына 142 мың тонна сүт өндіретін 28 сүт фермасы салынып жатыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қазіргі таңда 99 жоба қаржыландырылған. Олар толық іске қосылғанда жылына 600 мың тоннадан астам сүт нарыққа жол тартады. Ал келесі жылы тағы 21 сүт фермасын салу жоспарланған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Биылғы жылдың соңына дейін іске қосылған фермалардың жобалық қуатының 70 пайызына, ал келесі жылы толық қуатына шығуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Әңгіме жалпы қуаты жылына 462 мың тонна сүт өндіретін 71 ферма туралы болып отыр».

Министр одан бөлек, 6 өңірде ет кластері құрылатынын айтты. Олар салынып біткен соң 130 мың бас мал бордақыланып, жылына 26 мың тонна ет өндірілмек. Ауқымды жоба Абай, Қостанай, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жүзеге асырылады.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости