Перейти к содержимому
· 14 просмотров

«Ұмай» ипотекасы басталды

Үй алғысы келетін әйелдер үшін ақжолтай жаңалық: 3 қарашадан бастап «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.

Қарыздың ең жоғары сомасы — 50 миллион теңге. Алғашқы жарна ірі қалаларда 20, ал өңірлерде 15 пайыздан басталады. Қатысу үшін отбасының айлық табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауы керек.

Бағдарламаның бұл кезеңіне 20 миллиард теңге бөлініп отыр. Мұның алдында 9 миллиард теңге қарастырылып, ол қаражат толықтай игеріліпті. Бастапқы кезеңнің қорытындысы бойынша 420 қыз-келіншек баспаналы болса, тағы 230-ға жуық әйел өзіне лайықты баспана іздеуде.

Үсен Астана

← Все новости