Перейти к содержимому
· 51 просмотр

«Ұмай» ипотекасы басталды

Үй алғысы келетін әйелдер үшін ақжолтай жаңалық. 3 қарашадан бастап «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы қайта іске қосылады. Шарт бойынша қатысушылар 50 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Бастапқы жарна көлемі Астана мен Алматыда 20 пайыз, ал өңірлерде 15 пайыздан басталады. Негізгі талап – отбасының айлық табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауы тиіс. Бағдарламаның бұл кезеңіне 20 миллиард теңге бөлініп отыр. Мұның алдында 9 миллиард қарастырылып, ол қаражат толықтай игеріліпті. Соның нәтижесінде 420 қыз-келіншек баспаналы болса, тағы 230-ға жуық әйел өзіне лайықты баспана іздеуде.

← Все новости