Перейти к содержимому
· 56 просмотров

Мыңнан аса ноутбук ұрлап, сотталды

Ноутбукті қолды қылып, сотталып кетті. Абай облысының төрт тұрғыны Қытай-Польша бағытында қатынайтын пойызға ұрлыққа түскен. Олар еліміз аумағынан өтіп бара жатқан жүк тиелген вагоннан 1019 ноутбукті жымқырған. Содан соң техниканың бір бөлігін Алматыға апарып, сатып жіберіпті. Келген шығын 633 миллион теңге шамасында. Жуырда сот олардың ісіне нүкте қойып, аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін әрқайсысын 6 жыл 7 айға бас бостандығынан айырды.

← Все новости