Перейти к содержимому
· 53 просмотра

Есірткі тасыған шетелдіктер ұсталды

Елордада салмағы бір килограмнан асатын есірткі тасымалдаған екі шетелдік ұсталды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасы барысында күдіктілер мінген қытайлық автокөлікті тоқтатқан. Тінту кезінде салоннан күмәнді чемодан табылыпты. Оның ішінен ірі мөлшердегі тыйым салынған зат бар үш бума және сұйық күйдегі психотроптық зат салынған арнайы капсулалар шыққан. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, екеуі изоляторға қамалды. Қазіргі уақытта олардың бұны қайдан алғаны және қандай мақсатта қолданбақ болғаны анықталып жатыр.

← Все новости